Облыста су басуы мүмкін 43 елді мекен бақылауда

Қыс басталғалы аймағымыздың елді мекендерінен 1 миллион 130 текше метр қар шығарылған. Құтқарушылар наурыздың ортасына дейін күн жылы болса, одан кейін қайта суытатынын айтты. Бұл қар суының күрт еріп кетпеуіне септігін тигізеді. Облыстағы 1500 су өткізу құрылыстары қар мен қоқыстан тазартылуда.

 

-Өткен жылдардағы су тасқыны кезеңдеріне талдауға сүйене отырып, және жердің ойпатты-бедерлі бөлігінде орналасқан 43 елді мекен ерекше бақылауда. Сол 43 елді мекеннің ішінде 2031 тұрғын үй 10616 бізде су басуға бейім аудандарда тұрады,-деді Павлодар облысы ТЖД ТЖ ескерту басқармасының аға инженері Айжас Сабыржан.

 

Айта кету керек, су тасыған жағдайда материалдық – техникалық құрал дайын. Мыңнан астам адам мен 600 техника бірлігі бар. ТЖ туындайтын болса оған 1 милиард 747 миллион теңге бөлінген.