• Басты бет
  • Оқиғалар
  • Облыстағы жүк көліктерінің жүргізушілеріне 9 миллион теңгеден астам айыппұл салынды

Облыстағы жүк көліктерінің жүргізушілеріне 9 миллион теңгеден астам айыппұл салынды

 

 

Павлодар облысында жүк көліктері барлық бағыт бойынша қатынайды. Мамандар күре жолға таразымен шығып, әр доңғалақ жұбына түсетін салмақты өлшейді. Шамадан тыс болса, жол жабынының сапасын төмендетеді. Заң бұзушылық жиі кездеспейді, ал жаза айтарлықтай салмақты. Жүргізушіге 136 мыңнан 612 мың теңгеге дейін төлеуге тура келеді. Егер көлік қандай да бір фирмаға тиесілі болса, айыппұл бірнеше есеге артады.

 

-Қазіргі кезде қыс мезгілі болғандықтан көмір тасиды. Қазір республикалық және облыстық маңызды жолдарда тексерістер жүргізіледі,-деді жол активтері сапасы ұлттық орталығы павлодарлық филиалының инженері Қуанышбек Рахманбердиев.

 

Жол активтерінің ұлттық сапа орталығының ақпараты бойынша 2022 жылы аймағымызда ереже бұзушыларға қатысты 67 әкімшілік хаттама толтырған. Айыппұлдың жалпы көлемі тоғыз миллион теңгеден асып жығылады.