Облыстық мектептерде лаңкестікке қарсы оқу жаттығу шаралары өтті

 

 

 

 

Кабинетте қалдырылған белгісіз күдікті сөмке бүгін мектеп оқушыларының ғимарттан жылдам қауіпсіз жерге шығуына себеп болды. Оқиға орнына саперлер, полицейлер келді. Бүгін аймақ мектептерінде лаңкестікке қарсы оқу жаттығу шарасын өткізді.

 

№35 мектептің оқушыларын тез арада қауіпсіз жерге көшіруге әлдекім қалдырған күдікті сөмке себеп болды. Оны кабинеттердің бірінен тапты. Оқиға орнына жедел мән беру қызметтері кеп, аумақты қоршап алды. Бірінші кезекте саперлер іске кірісті. Мұндай жағдайда не істеу керектігін әрбір білім мекемесінің қызметкерлері мен оқушылары біледі.

 

-Мектептің барлық техникалық құралдары тексерілді. Бұл дабыл нүктесі, камералар, 102-ге қандай жағдайда қоңырау шалу керектігі айтылды. Мектептің қандай қосалқы есіктерінен шығуға болатыны түсіндірілді,-деді Павлодар қаласы білім беру бөлімі басшысының орынбасары Жанат Асаинова.

 

Лаңкестікке қарсы жаттығулар бүгін аймағымыздың барлық мектептерінде өтті. Әр білім мекемесіндегі сценарий әртүрлі. Олардың қатарында оқу орнына қарулы шабуыл жасау жағдайы да бар. Білім бөлімінің мамандары балаларға жарылғыш зат туралы жалған хабарлама таратудың жазасы ауыр екені жиі айтылады дейді. Естеріңізге сала кетсек, жақында полицейлер ұзақ уақыт бойы білім басшыларына бомба туралы анонимді хабарлама таратып келген жасөспірімді анықтады. Енді оны қылмыстық жауапкершілік күтіп тұр.