• Басты бет
  • Оқиғалар
  • Облыстың балабақша асханаларында бағаны негізсіз қымбаттату фактілері анықталды

Облыстың балабақша асханаларында бағаны негізсіз қымбаттату фактілері анықталды

 

Қаржылық мониторинг агенттігі Павлодар облысының мектепке дейінгі мекемелерінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағаларын негізсіз қымбаттату фактілерінің жолын кесті дейді irbistv.kz тілшісі.

 

Мониторинг бір ЖШС-нің өңірдегі 158 мектепке дейінгі мекеменің 108-нің негізгі жеткізуші болғаны анықталды. Балабақшалармен жасалған шарттарда өндіруші зауытынан алған бағадан азық-түліктің түпкілікті тұтынушысына дейінгі баға айырмашылығы байқалды.

 

үнбағыс майы – 286% үстемақымен (453 тг/л-ден 1300 тг/л дейін), қарақұмық жармасы-150% (240 тг/кг-нан 600 тг/кг дейін), қант – 93% (325 тг/кг-нан 630 тг/кг дейін), тауық жұмыртқасы-79% (430 тг/онд-тан 770 тг/онд дейін), тұз-66% (60 тг/кг-нан 100 тг/кг дейін), күріш – 36 % (490 тг/кг-нан 670 тг/кг дейін), сары май – 22% (2075 тг/кг-нан 2550 тг/кг дейін) өткізілгені анықталды. Агенттік қабылдаған шаралардың нәтижесінде аталған ЖШС әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жеткізушімен жасалған шарттар күшін жойды. Қазіргі уақытта мектепке дейінгі мекемелерде азық-түлік жеткізу шарттары қайта қаралып, жаңа келісім-шарттар жасасу мәселесі қаралуда,-деп мәлім етті ҚР қаржылық мониторинг агенттігінде.

 

Бұзушылықты анықтау арқасында 30 миллион теңге көлеміндегі қаражатты үнемдеу мүмкін болды.

 

Фото: Freepik.com