• Басты бет
  • Оқиғалар
  • Облыстың Ертіс жайылмасында шыбын-шіркейге қарсы әуеден өңдеу басталды

Облыстың Ертіс жайылмасында шыбын-шіркейге қарсы әуеден өңдеу басталды

 

Ауқымды жұмыстарды 8 ұшақ борты жүзеге асырады дейді irbistv.kz тілшісі

 

АН-2 ұшақтары Павлодар облысында шыбын-шіркейге қарсы әуеден өңдеу жүргізеді. Жыл сайынғы көрініске тұрғындардың көзі үйренген сыңайлы, бірақ биыл дезинсекциялау аумағы кеңейтілген. Биыл Ертістің жағасында орналасқан облыстың 59 жағалау маңындағы ауылдарды Май ауданынан бастап, Аққулы ауданы, Павлодарды, Павлодар ауданы, Тереңкөл, Ақтоғай, Ертіс және Железинді өңдейді. Қаламызға еліміздің өзге өңірлерінен сегіз борт келді. Асайын Байханов Атамекен ауылының іргесіндегі басты аэродромға барып, пилоттармен кездесті.

Павлодар облысындағы 380 мың га алқабы бар жайылма елдегі ең үлкен аумақ. Сол себепті шыбын-шіркейге қарсы өңдеу шаралары да ауқымды. Масаға қарағанда шіркей көбірек қолайсыздық тудырады. Дернәсілдерінің санын азайту аса маңызды, сондықтан биопрепаратты шығару пункттері ұлғайтылды.

 

-Өзінің дамуы бойынша уақыты бар. Қай кезде биопрепаратты азық ретінде қолдана алады. Кейін, ол азықтана алмай қалады. Жай сөзбен айтақанда, аштан өледі. Сол себепті биопрепаратты Ертіс суына толық шаша аламыз. Еш зияны жоқ,-деді облыс әкімі.

 

Қазіргі таңда жайылмадағы әуе өңдеу жүргізілсе, кейін 15 мамырдан химиялық өңдеу басталады деп жоспарлануда.. Шіркейлерге қарсы шаралар жаз бойы жүргізілмек. Бұл үшін барлық қызметтер дайын. Еске сала кетейік, шыбын-шіркейге қарсы өңдеуге үш жылға 9 млрд теңге бөлініп, мердігермен келісім жасалған. Осылайша, жыл сайын аталмыш шараларға 3 млрд теңгеден жұмсалып отырады.