• Басты бет
  • Оқиғалар
  • Пара алды деп күдікке ілінген Павлодар облысы мәдениет басқармасы басшысына қатысты сот басталды

Пара алды деп күдікке ілінген Павлодар облысы мәдениет басқармасы басшысына қатысты сот басталды

 

Бүгін сотта Самал Бегалинова кінәсін мойындады. Белгілісі 1 қыркүйекте Павлодарда Бөкейхан атындағы мектеп-лицей ашылуы тиіс болған. Білім басқармасы танымал қазақ қайраткеріне білім ордасы аумағында ескерткіш тұрғызуды шешкен. Оны мәдениет басқармасы арқылы жүзеге асыру қажет болған. Сол кезде ведомство басшысына мүсіншіден пара алу туралы ой келген.

-Бегалинова 2021 жылдың 28 қазанында өзінің жымысқы ойын соңына дейін жеткізу үшін қызметтік көлік салонында отырып Павлодардан Нұр-сұлтан қаласына бара жатып, Баярлинге Павлодар облысында мүсін дайындау бойынша әрі қарай бірге жұмыс істеу үшін Әлихан Бөкейханның мүсінін дайындау және оны еш кедергісіз қабылдау үшін бір миллион теңге көлемінде пара сұраған,-деп жеткізді мемлекеттік айыптаушы.

 

Ескерткішке бюджеттен 16 миллион теңге бөлінген. Оны қабылдап алған, алайда әлі орнатпаған. Самал Бегалинова елордаға бара жатқан тарихи-өлкетану музейі директорынан келісім туралы мүсіншінің есіне салуды сұраған. Музей директоры хабарламаны жеткізген. Ал өзі сыбайлас жемқорлықпен күрес қызметіне жүгінген. Бүгін мәдениет басқармасының басшысы сотта жауап беруден бас тартты. Сол себепті оның бұған дейін тергеу кезінде берген жауабын оқыды.

 

-2022 жылдың мамыр айында мен Нұр-Сұлтан қаласынан несиеге баспана алуды жоспарлаған едім. Соған бастапқы жарна қажет болды. Осыған байланысты менде Баярлиннен бұрын айтылған бір млн теңгені алу ойы туындады, -деп мәлімдеді Павлодар қалалық №2 сотының судьясы Әсемқоңыр Сайран.

 

Басқарма басшысы ақшаны елордада алған. Оны мүсінші шенеуніктің бұрынғы күйеуі арқылы берген. Ер адам қылмыстық жүйе туралы білмеген-мыс. Қылмыстық істі сотта «Ірі көлемде пара алу» деген бап бойынша қарауда. Бап бойынша бұл жағдайда 50-ден 60 млн теңгеге дейін айыппұл немесе 3-тен 7 жылға дейін темір торға қамауды қарастырады.