• Басты бет
  • Оқиғалар
  • Павлодар – Астана тас жолында жол талғамайтын көлік жүргізушісі 169 км/сағ жылдамдыққа дейін үдеді

Павлодар – Астана тас жолында жол талғамайтын көлік жүргізушісі 169 км/сағ жылдамдыққа дейін үдеді

Павлодар – Астана республикалық автожолында белгіленген жылдамдықты өрескел асырған жол талғамайтын көлік жүргізушісі автоматты бақылау жүйесі арқылы анықталды.

Павлодар облысы полиция департаментінің мәліметінше, «ZEREK-2» аппараттық-бағдарламалық кешені Toyota Land Cruiser Prado 150 автокөлігінің 169 км/сағ жылдамдықпен қозғалғанын тіркеген. Аталған жол учаскесінде рұқсат етілген ең жоғары жылдамдық 140 км/сағ болған. Осылайша жүргізуші белгіленген жылдамдықты 20 шақырымнан астамға асырған.
Ведомствоның хабарлауынша, жыл басынан бері Павлодар облысының жолдарында «ZEREK-2» жүйесінің көмегімен жылдамдық режимін бұзудың 50 мыңнан астам дерегі анықталып, жол қозғалысы ережесін бұзу фактілерінің жолы кесілген.
Фото: Павлодар облысы полиция департаменті.