• Басты бет
  • Оқиғалар
  • Павлодар-Ақсу тас жолында скутер тепкен екі оқушы жол апатынан көз жұмды

Павлодар-Ақсу тас жолында скутер тепкен екі оқушы жол апатынан көз жұмды

 

 

Екі оқушы отырған скутер трасса бойында КамАЗ жүк көлігімен соқтығысқан дейді irbistv.kz тілшісі.

 

Қайғылы оқиға 5 маусым күні Павлодар-Ақсу тас жолында 16:30-17:00 аралығында болған.

2009 жылы туған кәмелетке толмаған бала скутермен Ақсу қаласынан шамамен 3 шақырым жерде транспортты басқара алмай, жолдың оң жақ жолағында тұрған «КамАЗ» маркалы автомашинаның артқы бөлігінде соғысқан.

 

-Апат салдарынан 2008 жылы туған кәмелетке толмаған жолаушы оқиға орнында қайтыс болды. 2009 жылы туған скутердің жүргізушісі Павлодардың бірінші қалалық ауруханасына жеткізіліп, есін жимастан, көз жұмды. «КамАЗ» бен скутер айыппұл тұрағына жеткізілді. Жол көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалды,-деді облыстық полиция департаментінде.

 

Кәмелетке толмаған екі оқушы да Ақсу қаласы № 2 орта мектебінің 9-сыныбында оқыған.

 

Фото: Облыстық ПД