• Басты бет
  • Оқиғалар
  • Павлодар абақтыларында тыйым салынған заттарады өткізу әрекеттерінің алдын алды

Павлодар абақтыларында тыйым салынған заттарады өткізу әрекеттерінің алдын алды

 

 

Павлодар облысы ҚАЖ департаментінің №46 мекемесінің қызметкерлері тәртіптік нысан аумағына тыйым салынған заттарды өткізу әрекетінің алдын алды деп хабарлайды irbistv.kz тілшісі.

 

Мекеменің өндірістік аймағына Volvo маркалы автомобиль кірген. Көлік құралын тексеру кезінде қызметкерлер көліктің зат салғыш қобдишасына назар аударған.

 

-Оны тінту кезінде ішінен Oppo маркалы ұялы телефон мен қуаттау құрылғысы анықталды. Жүргізуші оларды мемеме аумағына жасырын түрде өткізбекші болған, - деп хабарлады ҚАЖ департаментінде.

 

Ал №63 түзеу мекемесінің қызметкерлері тергеу изоляторына ұялы телефонды заңсыз өткізудің жолын кесті.

 

2005 жылғы азамат изоляторда тергеліп жатқан танысына азық-түлік әкелген. Мекеме қызметкерлері сәлемдемені тексеру барысында арасына салынған қысқы аяқ киімді көреді.

 

- Оны жіті тексеру кезінде аяқ киімнің ұлтарағы астына мұқият жасырылған ұялы телефон табылды. Аталған зат тәркіленді. Сәлемдемені әкелген азаматқа қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұушылық туралы кодексінің 481-бабы («Қылмыстық атқару жүйесінің мекемелерінде, арнаулы мекемелерде ұсталатын адамдарға тыйым салынған заттар, бұйымдар мен нәрселер беру») бойынша хаттама толтырылды, - деп хабарлады өңірлік қылмыстық-атқару жүйесі департаментінде.

 

Тыйым салынған заттар тәркіленіп, аталған дерек бойынша сәйкес материал толтырылған. ҚАЖ департаменті түзету мекемесіне тыйым салынған заттарды өткізу үшін заң бойынша жауапкершілік қарастырылғанын еске салады. Мекеме қызметкерлері тақілеттес заң бұзушылықтарға жол бермеу үшін қатаң бақылау жүргізеді.