• Басты бет
  • Оқиғалар
  • Павлодар абақтысы жасағының бұрынғы басшысын алаяқтық үшін бас бостандығынан айырды

Павлодар абақтысы жасағының бұрынғы басшысын алаяқтық үшін бас бостандығынан айырды

Қылмыстық іс материалдарынан белгілі болғандай АП-162/2 абақтысындағы жасақ басшысы 2019 жылы сотталушылардың бірінен 80 мың теңге сұраған. Абақтыдағы өмірі тыныш болады деп, қамқорлығына алуға сөз берген. Басқа тұтқынға да осылай айтып, одан 440 мың теңге алған. Ақшаны банк есепшотына аударған. Абақтының бұрынғы қызметкері кінәсін мойындамады. Ақша оған емес жасақтың жөндеуіне қажет болды деп мәлімдеген. Дегенмен бұл нұсқаға сотта сенбей, 3,6 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындады. Жазасын орташа қауіпсіздіктегі мекемеде өтейді. Бұрынғы қызметкер аға лейтенант лауазымынан айырылумен қатар, енді мемлекеттік қызметте өмір бойы жұмыс істей алмайды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.