• Басты бет
  • Оқиғалар
  • Павлодар абақтысына тіс пастасымен «синтетикалық есірткі» өткізбек болған

Павлодар абақтысына тіс пастасымен «синтетикалық есірткі» өткізбек болған

Есірткіні №46 мекемеге жеткізу әрекетінің жолы кесілді. Пошта сәлемдемесін тексеру барысында тіс пастасы түтігінің ішінен ашық сары түсті ұнтақ тәрізді зат салынған полиэтилен пакет табылған.

- Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген зат синтетикалық есірткі – альфа-PVP болып шықты. Оның салмағы 0,7 граммды құрады. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды, – деп хабарлады Павлодар облысы бойынша ҚАЖ департаменті.