Павлодар ауданында әйел газдан уланып көз жұмды

 

 

Ауыл тұрғыны пешті дұрыс пайдаланбау салдарынан уланған дейді irbistv.kz тілшісі.

 

Қайғылы жағдай 1 қазан күні Павлодар ауданы Черноярка елді мекенінде болған.

 

- Қатты отынмен пешті жылыту дұрыс жұмыс істемей, 1984 жылы туған үйдің иесі ауыр дәрежедегі көміртегі тотығымен уланып, ер адам ауруханаға жатқызылды. 1990 жылы туған әйелі, 2 топтағы мүгедек, сол жерде қайтыс болды. Марқұмды туыстары тауып алған,-деп жеткізді облыстық ТЖД.

 

ТЖД мамандары күн суытқан шақта тұрғындарға пешті жылыту кезінде қауіпсіздік шараларына ерекше назар аударуға шақырды.

 

Фото: Freepik.com