• Басты бет
  • Оқиғалар
  • Павлодар ауданында мас күйінде көлік басқарған ер адам темір торға қамалды

Павлодар ауданында мас күйінде көлік басқарған ер адам темір торға қамалды

 


Павлодар ауданының 30 жастағы тұрғыны 2023 жылдың ақпанында мас күйінде көлік басқарғаны үшін жүргізуші куәлігінен айрылғандеп хабарлайды irbistv.kz тілшісі.

 

2024 жылдың қыркүйегінде ол даладағы бәйгеге барған кезде екі литр сыра ішіп алып, тыйым салынғанына қарамастан мотициклге отырған. Нәтижесінде жолда адамды қағып кеткен. Жапа шегуші жарақат алған. Нәтижесінде бұл оқиға қылмыстық іспен аяқталды.


-346 баптың 3 бөлімі бойынша қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 4 жыл 8 айға темір торға қамау жазасы тағайындалсын. Жазасын қылмыстық атқару жүйесінің қауіпсіздігі орташа мекемесінде өтесін, - деп түсіндірді Павлодар қалалық №2 сотының судьясы Думан Серікбаев.

Ер адам кінәсін мойындады, істі қысқа тәртіпте қарастырды. Судья баптың ауыр екенін тілге тиек етіп, тек темір торға қамау жазасы қарастырылатынын айтты. Ал үкімді халық алдында оқыды. Прокурорлар отырысқа пробация қызметінде есепте тұрғандар мен басқа да жүргізуші куәлігінен айрылған тұлғаларды қатыстырды.