Павлодар ауданында мас мотоциклші ұсталды



Пресное ауылының тұрғыны алкоголь ішкен күйде, көлік басқарғанЫ үшін 20 тәулікке дейін қамауға алынуы мүмкін деп хабарлайды irbistv.kz тілшісі.

Ауылдың 56 жастағы тұрғыны тізгінде отырып, басқа көлікке соғылған.

-Пресное ауылында Урал мотоциклін мас күйінде тізгіндеген ер адам Mazda автокөлігімен соқтығысып, жол-көлік апатына ұшырады. Медициналық куәландыру нәтижесі көрсеткендей, ауыл тұрғыны мас болған. Алкоголь ішіп, мотоциклді басқарғаны үшін жүргізуші жауапқа тартылды. Жүргізуші 20 тәулікке дейін қамауға алынып, жеті жылға жүргізуші куәлігінен айырылуы мүмкін, – дейді Павлодар ауданының жергілікті полиция қызметінің бастығы Қайрат Сатыбаев.

Материал сотқа жіберілді.

Фото: Облыстық ПД