Павлодар ауданында мотоцикл ұрлаған ер адам ұсталды
Анықталғандай қылмыс жасау күдігімен ұсталған, ұрлық кезінде мас болған деп хабарлайды irbistv.kz тілшісі.
Полицияға Павлодар ауданы Кемеңгер ауылының тұрғынынан мотоциклді ұрлау туралы хабарлама келіп түсті.
– Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері облыс орталығының тұрғынын ұстады. Мас күйде болған ер адам ауыл шаруашылығы базасының аумағынан LTM-200m15 мотоциклін ұрлап әкеткені анықталды. Жауап алу барысында ұсталған адам үйге жету үшін мотоциклді ұрлағанын түсіндірді. Техникалық жарамды күйде иесіне қайтарылды. Ұрлау фактісі бойынша тергеу жүргізілуде. Күдіктіге қатысты келу туралы міндеттеме түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды,- деді Павлодар ауданы ПБ бастығының міндетін атқарушы Бекзада Булежанов.
Ағымдағы жылы полиция департаменті өңірде 36 айдап әкетуді тіркеген.
Фото: Облыстық ПД