Павлодар ауданында жоғалған қойлар табылды

Көктөбе ауылының маңындағы жайылымнан 29 бас қой жоғалғандығы жайлы шаруа қожалығы полицияға жүгінген дейді irbistv.kz тілшісі.

 

Жоғалған малды іздеу үшін криминалдық полиция қызметкерлерінен жедел-іздестіру тобы құрылды.

 

-Полицейлер елді мекенді үй-үйді аралап, орман алқаптарын, жақын маңдағы мал айдау орындарын тексерді. Нәтижесінде барлық жоғалған қойлар Шарбақты ауданы Хмельницкое ауылының маңындағы далада табылды. Тексеру барысында мал иесі өз қойларын анықтады, - деді Павлодар аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары Бекзада Бөлежанов.

 

Фото: Облыстық ПД