• Басты бет
  • Оқиғалар
  • Павлодар ауданының бұрынғы полицейін адамды азаптағаны үшін 2 жылға абақтыға қамады

Павлодар ауданының бұрынғы полицейін адамды азаптағаны үшін 2 жылға абақтыға қамады

Сотта хабарлағандай Павлодар ауданы полиция бөлімінің аға жедел уәкілі 20 қазанда, кейін тағы өткен жылдың 22 қарашасында күдіктіні қорқыта отырып жауап алған. Боқтап, балағаттап, бетінен шапалақпен, басынан жұдырықпен ұрған. Нәтижесінде жапа шегушіге дәрігер шақыртуға тура келген, ал қызметкерге қатысты қылмыстық іс ашқан. Ол өз кінәсін толық мойындап, үкімге дейін жапа шегушіге 700 мың теңге төлеген.

 

-Кінәсін мойындау, істегеніне өкіну, келтірілген шығынды өз еркімен өтеу, асырауында кішкентай баласы және мүгедек әкесі бар екенін, бұрын сотталмағаны секілді жеңілдедетін жағдайларды ескеріп, жапа шегушінің пікірін ескеріп, қылмыс жасағаны және антын бұзғаны үшін сот Ж деген азаматты екі жылға бас бостандығынан айырды,-деп мәлім етті Павлодар облыстық сотының баспасөз хатшысы Агидель Ибраева.

 

Ер адам жазасын қоныс колониясында өтейтін болады. Сонымен қатар миллион теңге моральдық, 350 мыңдай материалдық шығын төлеуге міндетті. Сонымен бірге жапа шегушілерде азаматтық тәртіпте жоғалған жалақы мен кеткен шығынды өндіріп алу мүмкіндігі бар. Үкім заңды күшіне енген жоқ.