Павлодар ауласында дәрет сындырған ер адам ұсталды

Мас күйдегі қала тұрғыны ауладағы үй кіреберісінің алдында дәрет сындырған. Бұл қылығы бейнебақылау камерасына түсіп қалған дейді irbistv.kz тілшісі.


Павлодар қаласының полициясына Шөкин көшесіндегі үйлердің бірінің тұрғындарынан қоғамдық орында мас күйдегі ер адамның кіреберіс алдында отырып дәрет сындырғаны туралы хабарлама түсті.


-Шақырту орнына келген полиция қызметкерлері мас күйдегі облыс орталығының тұрғынын ұстады. Медициналық сараптаманың қорытындысына сәйкес, ер адамның алкоголь ішкен күйі расталды. Ұсақ бұзақылық жасағаны үшін құқық бұзушыға қатысты әкімшілік хаттама толтырылып, сот 10 тәулікке әкімшілік қамаққа алу туралы шешім қабылдады, - деп хабарлады Павлодар қаласы ПБ Оңтүстік полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары Рустам Серғазинов.

 

Жыл басынан бері Павлодар облысының мыңнан астам тұрғыны осындай заңбұзушылыққа жол бергені үшін жауапкершілікке тартылды.