Әлеуметтік желі арқылы кіру

немесе

КІРУ

Павлодар ауылындағы монастырь жанып кетті

оқиғалар

112
Өрт туралы хабарлама сәуірдің 14-і, түнгі сағат ондар шамасында келіп түскен. Төтенше жағдайлар департаментнің берген мәліметі бойынша жалын "Павлодар және Екібастұз епархиясының Петропавл әйелдер монастырі" бір қабатты кірпіш ғимаратының 540 шаршы метр алаңын, ағаш шатыр құрылымдары мен төбені шарпыған. Өрт сөндірушілер 50 литрлік 1 газ баллонын, сондай-ақ шіркеудің құнды заттарын қауіпсіз жерге көшірді.

- Біз ауыл тұрғындарына көмек бергендері үшін алғыс білдіреміз. Олар әсіресе, біздің шіркеудің бағалы заттарын шығаруға көмектесті. Ең өкініштісі кітапханамыз жанып кетті, - деді  Павлодар және Екібастұз епархиясының Петропавл әйелдер монастырінің матушкасы Серафима.

 

Оқиға орнында ТЖ Департаментінің жеке құрамынан 35 адам және 7 бірлік техника, электр желісі, "102", "103" қызметтері жұмыс істеген.

 

Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Қазіргі таңда өрттің шығу себебі мен келтірілген шығын көлемі анықталуда.

Пікір қосу

Пікір қалдыра отырып Сіз пікір қосу толық келіскен болып табыласыз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру

             

Пікірлер ()