Павлодар ауылындағы монастырь жанып кетті

- Біз ауыл тұрғындарына көмек бергендері үшін алғыс білдіреміз. Олар әсіресе, біздің шіркеудің бағалы заттарын шығаруға көмектесті. Ең өкініштісі кітапханамыз жанып кетті, - деді  Павлодар және Екібастұз епархиясының Петропавл әйелдер монастырінің матушкасы Серафима.

 

Оқиға орнында ТЖ Департаментінің жеке құрамынан 35 адам және 7 бірлік техника, электр желісі, "102", "103" қызметтері жұмыс істеген.

 

Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Қазіргі таңда өрттің шығу себебі мен келтірілген шығын көлемі анықталуда.