• Басты бет
  • Оқиғалар
  • Павлодар колониясының бұрынғы бастығы кеңсе креслосы үшін бас бостандығынан айырылды

Павлодар колониясының бұрынғы бастығы кеңсе креслосы үшін бас бостандығынан айырылды

 

 

 

 

Сотталушы АП-162/2 түзеу мекемесінің бастығы болып жұмыс істеді. Тергеу анықтағандай 2022 жылдың қаңтарында ол сотталғандардың бірінен пара ретінде кеңсе креслосын алған. Одан бөлек ақпан айында оның үйіне тұтқындардан 3 миллион теңге әкелінген. Бұл жолы күдікті ақшаны алғаннан кейін тұтқындалды. Сотта іс екі бап бойынша қаралды. Ол сот залында қамауға алынды.

 

- ҚР ҚК-нің 58-бабының 3-бөлігінің негізінде ҚК-нің 55-бабының 4-бөлігін қолдана отырып, 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сондай-ақ, мемлекеттік қызметте жұмыс жасау құқығынан өмір бойына айырылады,-деді Павлодар №2 қалалық сотының судьясы Жұлдыз Тілегенова.

 

Колонияның бұрынғы бастығы кінәні толық мойындады және қатаң жазаламауды өтінді. Үкім шығарған кезде айыпталушының көп балалы әке екендігі ескерілді. Заңды күшіне енген жоқ.