Павлодар облысы Аққулы ауданында орман резерваты жанды

 

«Ертіс орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватының Көкжал орманшылығы аумағында құрғақ шөп пен ағаштар өртенген, деп хабарлайды irbistv.kz.

Жалынды ауыздықтау жұмыстарына «Ертіс орманы» резерваты мамандары, ТЖМ бөлімшелері, сондай-ақ орман шаруашылығының әуе кемесі мен ТЖМ «Қазавиақұтқару» АҚ тікұшағы жұмылдырылды. Тікұшақпен 4 реттен жалпы 12 тонна су төгілді.

Қазіргі уақытта оқиға орнында өрт ошағын күзету жұмыстары жүргізілуде. Аумақты бақылауды «Ертіс орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватының қызметкерлері жүзеге асыруда. Оқиғадан зардап шеккендер жоқ, – деп мәлімдеді ТЖМ.