• Басты бет
  • Оқиғалар
  • Павлодар облысы бойынша демалыс күндері 2000 -нан астам құқық бұзушылық анықталды

Павлодар облысы бойынша демалыс күндері 2000 -нан астам құқық бұзушылық анықталды

- 37 жүргізуші белгіленген қозғалыс жылдамдығын арттырғаны үшін жауапқа тартылды. Қарсы жолға шыққан 4 жүргізуші лайықты жазаға тартылды. Көлік құралын мас күйінде 21 жүргізуші басқарған. Мәселен, түнде Павлодар қаласының көшелерінің бірінде полиция қызметкерлері фаралары қосылмаған "Мазда" автокөлігін тоқтатты. Тізгінде болған 41 жастағы ер адамнан алкогольдің иісі шықты. Медициналық куәландыру жүргізушінің мас күйінде екенін көрсетті. Жүргізушіге қатысты хаттама толтырылып, материал сотқа жіберілді, - деп хабарлады Павлодар облысы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров.


"Құқықтық тәртіп" өткізу барысында тұрғылықты жері бойынша профилактикалық есепте тұрған 3437 адам, полицияның бақылауындағы 400-ге жуық қолайсыз отбасы тексерілген.