Павлодар облысы білім беру саласы бойынша көшбасшылардың қатарында

Аймақ басшысының айтуынша соңғы бір жарым жыл қиынға түскен. Дегенмен биылғы оқу жылы ерекше болмақ. Оқыту онлайн форматтан дәстүрліге ауысып, оқушылар мектеп парталарына оралады. Айта кететіні, соңғы оқу жылы өңіріміз үшін жемісті болған.

- Ең үздік ұстаздар Павлодар облысында, ең үздік олимпиадалық команда Павлодар облысында, белгілі вундеркиндтер Қуат Есенов, Егор Клачков, Мұхамедали Амир, Анна Завалишина сынды оқушылар біздің мектептердің түлектері, - деді Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов.

Өңір басшысы оқушылардың жақсы білім алуына барлық жағдай жасалып жатқанын атап өтті. Облысымызда орындардың жетіспеушілігі, апатты мектептер жоқ. Білім беру саласына қаржыландыру соңғы 2 жылда айтарлықтай өскен. Бұл 65 миллиардтан 132 миллиардқа дейін.

- Егер 2019 жылы барлық мектептердің күрделі жөндеуіне 700 миллион теңге бөлінсе, биыл 8,2 милларрды құрады. Яғни қаржыландыруды 12 есе арттырдық. Бұл қарқынды сақтап, 3 жылдың ішінде білім беру мекемелерін дамыту жоспары бар, - дейдіӘбілқайыр Сқақов.

Және облыс басшысы заманауи мектептерде оқушылардың білім алу құштарлығы артатынына сенімді. Ал оларды жігерлендіру үшін үздіктерді назардан тыс қалдырмай, марапаттауды жалғастырмақ.