• Басты бет
  • Оқиғалар
  • Павлодар облысы мәдениет басқармасы басшысының орынбасарын жұмыстан шығарды

Павлодар облысы мәдениет басқармасы басшысының орынбасарын жұмыстан шығарды

Сол кезде сыбайлас жемқорлықпен күрес ведомствосында тергеу әртістердің қызмет көрсетуі бойынша жалған келісімшарттар жасауға байланысты болған. Сол кезде шығын сомасы 10 миллион теңгеден асқан еді, қазір 65 миллион туралы сөз болуда. Сол себепті әдеп кеңесінің отырсына мәдениет басқармасы басшысының орынбасары Асылбек Мейрмановты шақырды.
- Біз Мейірманов пен Башированың әрекетін қарап тоқтату туралы қаулы шығардық. Олардың әрекетінде көрсетілген қылмыстардың тікелей құрамы жоқ. Сонымен қатар Мейірманов та, Баширова да қылмыстық іс бойынша куәгер болды. Тергеу барысында шындықты анықтауға кедергі болу деректері анықталды, - деді Павлодар облысы сыбайлас жемқорлықпен күрес агенттігі департаментінің басшысы Айдар Тастеміров.
Ал мәдениет басқармасының екінші орынбасары Баширова әдеп кеңесіне қатыса алмады. Қазір іссапарда екен. Оның ісін жеке қарастырады. Сыбайлас жемқорлықпен күрес басшысы шенеуніктердің айыпталушыларды жауапкершіліктен жалтартуға тырысқандарын мәлімдеді. Оны жұмыстан шығаруды ұсынды.
- Баяндамашының баяндамасына ешқандай наразылығым жоқ. Бұл жерде рұқсат берсеңіздер түсіндіріп өтейін дегем. Бұл жерде әншілер творческий адам болғасын тек ғана ұсынғаным әнішлердің естеріне түсіру мәселесі болған еді. Бұл жиын және тергеу мәселесі емес облыстық ішкі аудиттің қорытындысы бойынша болған жиналыс болды. Менің тарапымнан кеткен қателіктерді мойындап алда ондай қателіктер жібермейтініме сенім білдіремін, - деді Павлодар облысы мәдениет басқармасы басшысының орынбасары Асылбек Мейрманов.
Нәтижесінде дауыс беру арқылы оны жұмысынан шығарды. Шешімді Асылбек Мейрмановтың тікелей басшысына жібереді.