Павлодар облысы тас жолында жол жиегімен басып озған жүргізуші жауапқа тартылды
Полиция департаментіне жол қозғалысы ережелерінің өрескел бұзылу жайлы бейнені өзге жүргізушілер жолдап, шағымданған деп хабарлайды irbistv.kz тілшісі.
Оқиға 30 шілде күні Атамекен – Курчатов автожолында болған. Hyundai автокөлігінің жүргізушісі маневр жасау, сондай-ақ көлік құралын жолдың жүру бөлігінде орналастыру, қарсы келе жатқан көліктермен жол айырысу және басып озу қағидаларын бұзған.
-Көлік жүргізушісі аталған құқық бұзушылық үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – деді Ақсу қаласы полиция бөлімінің бастығы Айдар Сламбеков.
