Павлодар облысыда дауылды желден 76 нысан төбесі зақымдалды



Өңіріміздегі дауылды желдің ұйытқуы 28 м/с асып, салдарынан көптеген ғимараттардың шатырларын ұшырып әкетіп, бірқатар елді мекен тұрғындары жарықсыз қалған дейді irbistv.k z тілшісі.

Өңірімізде ауа райы қолайсыздықтары салдарынан, тұрғын үйлер ғана емес, бірқатар әлеуметтік нысандар да зақымдалған. Осы күні қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.

-28 м/с - тан астам қатты желдің салдарынан 76 нысанда шатыр төбе жабындысының зақымданды, оның 14-і-әлеуметтік нысандар (Павлодар қ., Екібастұз қ., Ақсу қ., Баянауыл, Железин, Ақтоғай, Май, Павлодар, Тереңкөл, Ертіс аудандары.). Бүгінгі таңда облыстың 18 елді мекенінде электрмен жабдықтауды қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.
Авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін ТЖД құтқарушыларының 12 шығуы жүзеге асырылды, -деп жеткізді облыстық ТЖД.

Фото: облыстық ТЖД.