• Басты бет
  • Оқиғалар
  • Павлодар облысында 1 тоннадан астам балық аулаған бранконьерлерді қолға түсірді

Павлодар облысында 1 тоннадан астам балық аулаған бранконьерлерді қолға түсірді

Балық шаруашылығының мамандары оларды рейд кезінде анықтаған. Енді қаскөйлерді қылмыстық жауапкершілік күтіп тұр.

 

Павлодар облысының тұрғындары Қарасор көлінде түнде әрекет еткен. Алты адам үш көлікпен келіп, мөңке балығын тиеп жатқан кезде қолға түсті. 1 тонна 76 келі балықты тыйым салынған қармақ жібі және тормен аулаған.

 

-Ауланған балық шығыны 1 миллион 977 теңгені құрайды. Үш қайық пен 800 метр тор тәркіленді. Май ауданының жедел тергеу тобы шақырылып, сотқа дейінгі тергеу үшін материалдар аудандық ішкі істер бөліміне тапсырылды,-деп мәлім етті балық шаруашылығының Зайсан-Ертіс облыс аралық бассейн инспекциясының бас маманы Василий Павлов.

 

Айта кету керек мұндай жағдайда табиғатқа келтірілген шығын 100 АЕК асып кетсе қылмыстық іс қозғалады. Бұл 3 жылдан бастап бостандығын шектеуден темір торға қамалуға дейінгі жазаны қарастырады. Жыл басынан бері инспекция 217 әкімшілік құқық бұзу дерегі тіркеліп, 31 материал шешім қабылдау үшін сотқа жіберілген.