• Басты бет
  • Оқиғалар
  • Павлодар облысында 100 мың теңгеден астам айыппұлы бар Chevrolet айып тұрағына қойылды

Павлодар облысында 100 мың теңгеден астам айыппұлы бар Chevrolet айып тұрағына қойылды

 

 

Полиция қызметкерлері көлікті Павлодар – Қызылорда тасжолында тоқтатқан. Chevrolet Cobalt автокөлігін «Кибер-шериф» жүйесі анықтаған, деп хабарлайды irbistv.kz.

Тексеру барысында автокөлікке қатысты төленбеген айыппұлдар бар екені белгілі болды. Темір тұлпар тізгінінде Павлодар өңірінің тұрғыны болған.

 

-Сот орындаушысының қаулысына сәйкес, аталған автокөлікке 100 мың теңгеден астам айыппұл қарызы тіркелген. Көлік иесі қаржылық жағдайының қиындығын алға тартып, айыппұлды төлеуден жалтарып келген. Машина айыппұл толық өтелгенге дейін айып тұрағына қойылды», – деп хабарлады Павлодар облыстық полиция департаментінде.

 

Айта кетейік, жыл басынан бері Павлодар облысының жолдарында «Кибер-шериф» кешені арқылы жылдамдық режимін бұзудың 21 494 дерегі тіркелген.

Жүйе бір уақытта жолдың үш жолағын бақылауға, көлік нөмірлерін 150 метрге дейінгі қашықтықтан тануға және автокөліктерді дерекқорлар арқылы тексеруге мүмкіндік береді.