• Басты бет
  • Оқиғалар
  • Павлодар облысында 220 мың бөтелкеден аса контрафактілік алкоголь тәркіленді

Павлодар облысында 220 мың бөтелкеден аса контрафактілік алкоголь тәркіленді

Мемлекеттік кірістер департаменті тексерістерді күшейтіп, лицензиясыз сатылған тауарларды анықтады деп хабарлайды irbistv.kz тілшісі.

 

Павлодарлықтар дүкен сөрелеріндегі тауарлардың шығу жеріне көп мән бере қоймайды. Бұл ретте, лицензиясы бар-жоғына да тек жауапты мамандар қадағалау жүргізе алады. Белгілі болғандай, сыра және темекі өнімдерінің арасында контракфт тауарлар саны жеткілікті. Мемлекеттік кірістер департаменті арнайы реидтер арқылы бірқатар сауда нүктелерінде лицензиясыз, жалған құжаттармен сатылған заттарды тәркілеп, барлығын жойған.

 

-Тауарларға ілеспе жүк құжатсыз есепке алу және бақылау, лицензиялаусыз 224 мың бөтелке және 1198 келі сыра немесе 160 мыңнан астам литр алкоголь өнімі анықталды. Құны130 миллион теңгеден асады. Барлық бұзушылықтар бойынша хаттамалар құрастырылып, сотқа жіберілді. Осы күні 19 салық төлеушіге 2 миллион теңге мөлшерінде айыппұл салынды,-деді Павлодар облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті бөлімінің бас маманы Азамат Қасымов.

 

Сонымен қатар, құны 6 миллион теңгеден асатын, бес мыңнан аса лицензиясыз темекі қораптары анықталып, тәркіленді. Оларды сатуға бел буған 3 кәсіпкерге 904 мың теңге көлемінде айыппұл салынды.

 

Фото: Облыстық мемлекеттік кірістер департаменті