Павлодар облысында 300 телефон мен велосипед ұрланған

 


Аймағымызда осы жылдың 9 айы ішінде шамамен 800 ұрлық тіркелген. Көбінесе адамдардың велосипедтері мен телефондарын қолды қылады екен деп хабарлайды irbistv.kz.

Полицейлердің мәліметі бойынша 2025 жылдың қаңтарынан қыркүйегіне дейін облысымызда 787 ұрлық дерегі тіркелген. Қылмыстың көбісі телефон ұрлаумен байланысты. Барлығы – 155 жағдай. Екінші орында велосипед – 146 дерек.

- Павлодар облысының полициясы тұрғындарға заттарын қараусыз қалдырмауға, баспанасын қорғауға және көліктерін сенімді құлып және дабылмен жабуға, сонымен қатар телефон, әмиян, велосипед секілді жеке заттарына мұқият қарауға шақырады, - деп хабарлайды Павлодар облысы полиция департаментінде.

 

Сонымен қатар аймағымызда қазіргі уақытта 58 пәтер ұрлығы, 5 қалта ұрлығы, 41 мал ұрлығы және көліктен зат ұрлаудың 21 жағдайы тіркелген.

 

Фото:Freepik.com