Павлодар облысында 56 миллион теңгенің есірткісі жойылды
Аймағымызда 157 келіден астам, яғни 28000 дозаны құрайтын есірткі жойылды. Жалпы сомасы 56 миллион теңгені құрайды. Негізінен олар каннабистік топқа жататын есірткі заттар. Сот шешімі бойынша қылмыстық істе заттай айғақ болған барлық «шөптер» мен оны жасауда қолданылатын заттар жойылады, - деп атап өтті Павлодар облысы ПД есірткі қылмысымен күрес басқармасының бастығы Қуат Тусупбеков.
Полициядағылар есірткінің заңсыз айналымына түрткі болған кез-келген әрекет қылмыстық жауапкершілікке әкелетіндігін ескертті.
