Павлодар облысында адам өліміне әкелген жол апаты тіркелді
«Павлодар – Қызылорда» күре жолындаға апат салдарынан екі адам көз жұмып, жүргізуші жарақат алды деп хабарлады irbistv.kz.
Полицияның ақпараты бойынша жол көлік апаты Атамекен ауылы жанында болған. Toyota Alphard көлігінің жүргізушісі қауіпсіз жылдамдықты таңдамай, жылқыға соғылған. Соққыдан соң машина жолдан аударылып кеткен.
- Тергеу аясында жылқы иесінің әрекетіне де құқықтық баға беріледі, - деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаментінде.
Фото: Freepik.com
