• Басты бет
  • Оқиғалар
  • Павлодар облысында ауылішілік жолды жөндеуге бөлінген 45 млн теңге жымқырылған

Павлодар облысында ауылішілік жолды жөндеуге бөлінген 45 млн теңге жымқырылған

Успен ауданының прокуратурасы автомобиль жолдарын салу және жөндеу барысында заң талаптарының сақталуына тексеру жүргізген. Нәтижесінде аса ірі көлемде мемлекет қаржысын жымқыру дерегін анықтады.

 

Анықталғандай, Успен ауылдық округі әкімінің аппараты жөндеу көрмеген ауылішілік жол учаскесі үшін мердігерге заңсыз түрде 45 миллион теңге аударған.

 

Аталған факті бойынша ауылдық әкімдіктің лауазымды тұлғалары мен мердігер мекеме өкілдеріне қатысты Қылмыстық кодекстің 189-бабымен (Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу) қылмыстық іс тіркелді.

 

Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстарын Павлодар облысы бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитетінің департаменті жүргізуде.

 

Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесіне байланысты өзге деректер жария етілмейді. Мәлімет облыстық қадағалау ведомствосының ресми ақпараттық ресурсынан алынды.