• Басты бет
  • Оқиғалар
  • Павлодар облысында ауылға жұмыс істеуге кеткен ер адам хабарсыз кеткен

Павлодар облысында ауылға жұмыс істеуге кеткен ер адам хабарсыз кеткен

 

 

Павлодар қаласының тұрғыны ағасының хабарсыз кеткеніне байланысты полицияға жүгінген. 44 жастағы ер адам Железин ауданынан табылды. Белгілі болғандай, ол ауылға жұмыс істеуге кеткенімен, бұл туралы туыстарына хабарламаған, деп хабарлайды irbistv.kz.

 

Павлодар облысы полиция департаментінің мәліметінше, осы уақыт аралығында өңірде адамдардың жоғалуына қатысты 142 өтініш түскен. Оның 136-сы бойынша жоғалған азаматтар табылған.

 

– Ағымдағы жылдың 4 қазанында Павлодар қаласының тұрғыны 24 қыркүйекте үйінен шығып, қайта оралмаған әрі туыстарымен байланысқа шықпай қойған ағасын іздестіру туралы полицияға арызданды. Сол күні жедел қызметкерлер жоғалған адамның жүрген жерін анықтау үшін қажетті жедел-іздестіру шараларын ұйымдастырды. Қабылданған шаралардың нәтижесінде 44 жастағы ер адам Железин ауданының ауылдарының бірінен табылды, – деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаменті.

 

Белгілі болғандай, ер адамға танысы құрылыс жұмыстарына қосымша жұмыс істеуді ұсынған. Ол ұсынысты қабыл алып, ауылға кеткен. Алайда бұл туралы туыстарына ескертпеген. Соның салдарынан жақындары алаңдап, полицияға жүгінген.