• Басты бет
  • Оқиғалар
  • Павлодар облысында бетон плитаның астында аяғы қысылып қалған бала құтқарылды

Павлодар облысында бетон плитаның астында аяғы қысылып қалған бала құтқарылды

Оқыс оқиға туралы хабар ТЖД-нің «112» пультіне түскен. Шақырту орнына жеткен ТЖМ құтқарушылары ауыр бетон тастың астында қысылып қалған баланың аяғын босату үшін гидравликалық авариялық-құтқару құралын пайдаланды. Мамандар жасөспірімді қауіпсіз жерге шығарып, жедел жәрдем көлігіне дейін жеткізді.



«2013 жылы туған бала тобық буынының соғылуы диагнозымен облыстық балалар ауруханасының травматологиялық пунктіне жеткізілді. Дәрігерлік қарап-тексеру мен рентгендік зерттеуден кейін оны стационарға жатқызу қажеттілігі анықталған жоқ. Тұрғылықты жері бойынша травматолог дәрігердің бақылауында болу ұсынылды», — деп мәлімдеді Павлодар облыстық денсаулық сақтау басқармасынан.