• Басты бет
  • Оқиғалар
  • Павлодар облысында даярлық тобының балалары мектепке қаншалықты дайын?

Павлодар облысында даярлық тобының балалары мектепке қаншалықты дайын?

Бұл жағдайға ата-аналар наразылық білдіруде.

 

- Қазір мектеп алды яғни дайындық топтарында 5-6 жастағы 9 мыңнан астам бала бар. Әдістемелік нұсқаулыққа сәйкес үйде отырған балалар үшін сабақтар қашықтықтан өткізіледі. Білім басқаруының ұйымдастыруымен ютуб каналда оларға арналған 90-нан астам сабақ бар, - деді Павлодар облысы білім беру басқармасы басшысының орынбасары Гүлмира Баширова.

 

Ата-аналар тәрбиеші жіберген сілтеме арқылы өтіп аталмыш сабақтарды үйден қарай алады. Сонымен қатар жазғы демалыс кезінде дайындық топтарының балалары үшін мектеп қабырғаларында арнайы сабақтар өткізіледі деп мәлімдеді білім басқармасында. Ал мектептегі сабаққа келсек мұнда  да бірқатар шектеулер бар.

 

- Қалада бір сыныптағы бала саны 30-дан асатын 8 мектеп бар. Мұнда балалар ата-ананың өтініші бойынша кезекші сыныптарға бөлінеді. Ал кезекші сыныпқа бармай үйде қалған баланың сабақ беретін мұғалімі өзгереді. Себебі педагогтің кезекші сыныпқа да, қашықтықтан оқитын балаға да сабақ беретін мүмкіндігі жоқ, - деді Гүлмира Баширова. 

 

Білім басқармасында бұл әзірге мәжбүрлі шара дейді. Кейін эпидемиологиялық жағдай реттелген кезде барлық оқушы өз сыныбына қайта оралады.