• Басты бет
  • Оқиғалар
  • Павлодар облысында иесіз жүрген жылқылар кезекті жол апатына себеп болды

Павлодар облысында иесіз жүрген жылқылар кезекті жол апатына себеп болды

 

 

Таңғы мезетте трасса бойындағы жеңіл көлік екі жылқыны қағып өлтірген дейді irbistv.kz тілшісі.

 

Оқиға Павлодар- Қызылорда республикалық маңызы бар тас жолында таңғы сағат 02:50 тіркелген.

 

- «Chevrolet Monza» маркалы авто жүргізушісі трасса бойында екі жылқыны қағып кеткен. Жол апаты салдарынан олар өліп қалған. Жылқылардың иесі анықталған соң, оған қарасты әкімшілік жауапкершілікке тарту шаралары көзделген,-деді облыстық полиция департаментінде.

 

Фото: tipavlo.dar