Павлодар облысында кафе мен барларға полиция шақыру бойынша рейтинг жасалды
Тоғыз айда Павлодар облысындағы кафе, барлар мен мейрамханалардан полицияға 900-ден астам шақырту түскен. Құқық қорғау органдары құқық бұзушылық туралы ең көп хабарлама түскен ойын-сауық орындарының рейтингін жасады, деп хабарлайды irbistv.kz.
Тоғыз ай ішінде облыс бойынша кафе, бар, мейрамхана және басқа да ойын-сауық орындарынан полицияға 920 шақырту түскен.
Павлодар облысы полиция департаментінің мәліметінше, антирейтингке облыс орталығындағы ең көп шақырту тіркелген нысандар енген. Бірінші орында — «Громче» бары (96 шақырту). Одан кейін «ChechilPub» мейрамханасы (55), «Hudson» кафесі (46) және «Полянка» (31) орналасқан.
Жалпы облыс бойынша мекеме иелеріне 55 нұсқама берілген. Полицейлер мұндай орындарда жанжалдар мен басқа да құқық бұзушылықтардың туындауына себеп болатын жағдайларды жоюды талап етті.
Фото: ЖИ арқылы жасалған
