• Басты бет
  • Оқиғалар
  • Павлодар облысында кәмелетке толмағандар түнгі жүрісті тоқтатар емес

Павлодар облысында кәмелетке толмағандар түнгі жүрісті тоқтатар емес

 

 

Павлодарда полицейлер түнгі уақыттта қыдырған жасөспірімдердің ата-аналарымен әңгіме жүргізіп, рейдтерді күшейткен.

 

Тәртіп сақшылары облыс қалаларында жастардың көп жиналатын жерлерін, ойын-сауық орындарын, саябақтарды, аулалар мен кіреберістерді айналып өтуде. Кәмелетке толмағандармен көшеде сағат 23.00-ден кейін және мекемелерде 22.00-ден кейін қыдырған жасөспірімдермен жұмыс жүргізіледі, олар полиция бөлімдеріне жеткізіліп, ата-аналары шақырылады. Соңғы рет, серуендеп жүрген жасөспірімдер Ақсуда анықталды.

 

-Түнгі сағат 01:06-де Ақсу қаласының Астана көшесіндегі үйдің ауласында кәмелетке толмаған бала түнде серуендеп жүрген. 17 жасар қызын полициядан алып кетуге ата-анасы келді. Профилактикалық әңгіме өткізілгеннен кейін әкімшілік хаттама толтырылды. Осындай фактілер қалалық саябақта да орын алды, онда полицейлер төрт жасөспірімді тоқтатты. Айтуларынша, олар жай ғана “қыдырған”, – деді Павлодар облысы Ақсу қаласы полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметінің бастығы Айдын Жүнісов.

 

Жыл басынан бері Павлодар облысында кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ата-анасының еріп жүруінсіз тұрғын үйден тыс жерде болғаны үшін 1443 заңды өкіл жазаланды, кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық орындарында болуына жол бергені үшін 55 мекеме иесі жазаланды.

Фото: Облыстық ПД