Павлодар облысында макулатура тиелген жүк көлігі өртенді

Павлодар облысының «112» пультіне Екібастұз – Павлодар автожолында макулатура тасымалдап келе жатқан жүк көлігінің тіркемесі өртенгені туралы хабарлама түскен.Оқиғасалдарынанжүкбөліміндегімакулатуратүгелгежуықжаныпкеткен.

-Оқиға орнына Төтенше жағдайлар министрлігінің бөлімшелері жедел жетті. Өрт сөндірушілер жалынды толықтай сөндіріп, оттың басқа нысандарға таралуына жол бермеді. Зардап шеккендер жоқ, - деп хабарлады Павлодар облысы ТЖД.