• Басты бет
  • Оқиғалар
  • Павлодар облысында мас күйінде ұсталған ауыл әкімі қызметіне қайта тағайындалды

Павлодар облысында мас күйінде ұсталған ауыл әкімі қызметіне қайта тағайындалды

Мас күйде болғаны үшін жұмысынан қуылған Әлкей Марғұлан атындағы ауылдың әкімі сол лауазымға қайта ие болды. Естеріңізде болса, Бауыржан Бозтаевтың тәртіптік ісін әдеп бойынша кеңесте қарады. Шенеунік су тасқынына қарсы жұмыстар кезінде қатты тоңғандықтан ішімдіктен ұрттағанын түсіндірді. Қанша ақталса да оны лауазымынан айыру ұсынылды, кейін Екібастұздың әкімі Аян Бейсекин сәйкес шешімге қол қойды. Ал ауылдықтар шенеунікті қорғап шыққанымен оларды ешкім тыңдамады. Жақында елді мекенде сайлау өтті, онда 4 үміткер болған. Бауыржан Бозтаев та өз кандидатурасын ұсынып, нәтижесінде 287-нің 131 дауысына ие болып қайтадан жеңіске жетті. Айту керек, мемлекеттік қызмет істері департаментінде тәртіптік жаза алу, заң бойынша шенеуніктер қатарына қайта оралуға кедергі емес.