Әлеуметтік желі арқылы кіру

немесе

КІРУ

Павлодар облысында мереке күні мас күйінде 5 жүргізуші ұсталды

оқиғалар

19
Полицейлер өңірімізде кезекті «Мас жүргізуші» шұғыл-алдын алу шараларын өткізді. Нәтижесі салыстыра алғанда қомақты.

Іс-шараға ЖКО жиі орын алатын аудандарда қызметте тұрған облыстың патрульдік полиция бөлімшелері қызметкерлері қатысып, жол-көлік ережелерінің өрескел бұзылу жағдайының жолын кесе отыра, мас жүргізушілерді анықтаған. Нәтижесінде 599 ЖКЕ бұзу дерегі анықталып, 5 жүргізушіні масаң күйінде ұстаған. Және түрлі заңсыздықтарға жол бергені үшін 20 темір тұлпарды арнайы айып тұрағына жөнелтті, - деді Павлодар облысы полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров.


Сондай жағдайлардың бірінде Павлодарда жеңіл көлікті тоқтатқан. Құжаттарды тексеру барысында тәртіп сақшылары жүргізушіден алкогольдің өткір иісін байқап, тексеру жүргізу нәтижесінде ер адамның көлікті мас күйінде басқарғаны анықталған. Тіпті мәліметтер базасынан жүргізушінің ешқашан көлік басқаруға рұқсат беретін құжаты бомағаны анықталды. Ер адамға қатысты көлікті масаң күйінде басқару бойынша әкімшілік өндіріс қозғалып, көлігін айыптұрағына жіберген.
Жыл басынан бері өңірімізде 141 жүргізуші мас күйінде ұсталды.

Пікір қосу

Пікір қалдыра отырып Сіз пікір қосу толық келіскен болып табыласыз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру

             

Пікірлер ()