Павлодар облысында найзағайдан соң шамамен 20 гектар отқа оранды
Өрт Павлодар облысы Аққулы ауданы Көкжал орманшылығынан шыққан. Жалынды сөндіруге елуден аса адам барды деп хабарлайдыirbistv.kz.
Хабарлама 29 шілде сағат 10:13-те түскен. Бесқарағай филиалының Көкжал орманшылығындағы 136, 137, 145 және 146 кварталдарында жалынды байқаған. Жарты сағаттан соң өртті сөндіруге кірісіп, түскі бірге қарай толық ауыздықтаған.
- Жалпы алаң - 19,44 гектар, негізі орманның төменгі бөлігі, қарқындылығы орташа өрт, - деп хабарлады орман шаруашылығы және жануарлар әлемі Павлодар облыстық аумақтық инспекциясында.
Тұанумен күреске 20 техника бірлігі мен 53 адам қатысты. Жалынның шығуына найзағай себеп болған.
Фото Freepik.com
