• Басты бет
  • Оқиғалар
  • Павлодар облысында шетелдік жүк көліктерін заңсыз тіркеуден өткізгендер ұсталды

Павлодар облысында шетелдік жүк көліктерін заңсыз тіркеуден өткізгендер ұсталды

 

Қаржылық мониторинг агенттігі материалдық пайда алу мақсатында алыс шетелдерден көлік құралдарын заңсыз бастапқы тіркеуді жүзеге асырған адамдар тобын анықтады дейді irbistv.kz тілшісі.

Бұл тұлғалар 2021 жылдың маусым-тамыз айлары аралығында жүйелі негізде материалдық сыйақы үшін Павлодар облысында 150-ден астам жүк көліктерін бастапқы тіркеуге заңсыз қоюды жүзеге асырған.

-Олар алғашқы тіркеу үшін алым төленгені туралы жалған түбіртектерді пайдаланып, ақпараттық жүйеге көрінеу жалған мәлімет енгізген. Бұл жайт бастапқы тіркеу үшін төлеуден жалтарып, мемлекетке жалпы сомасы 1,5 млрд теңгеден астам залалға әкеп соқтырды. Соттың санкциясымен барлық заңсыз тіркелген көлік құралдарына тыйым салынды, күдіктілерге қатысты «қамауда ұстау» және «үй қамаққа алу» түріндегі бұлтартпау шаралары таңдалды,-деп мәлім етті ҚР ҚМА Баспасөз қызметі

Қаржылық мониторинг агенттігі тергеу мүддесі үшін өзге ақпаратты жариялауға жатпайтындығын жеткізді.

 

Фото: ҚР ҚМА