Павлодар облысында шомылу маусымы ресми түрде аяқталды
Коммуналшылар Павлодардағы орталық жағалаудағы шомылуға арналған құрал-жабдықтарды бұзуда деп хабарлайды irbistv.kz тілшісі.
Павлодардың орталық жағалауында қазір отыратын орын жоқ. Мыңнан астам күнге күюге арналған ағаш жатын орындарын қоймаға шығарды. Қыста оларды жөндеп, қайта лакпен сырлауға тура келеді. Себебі шомылу маусымы кезінде вандалдар кейбірін сындырып тастаған. Сонымен қатар шешінуге арналған орындарды, душтар мен су ішу шүмектерін алып тастады. Одан бөлек айлақты да жинамақшы. Себебі оған өткен жылы су тасығанда қатты зақым келген.
- Ертіс өзені көктемде тасыған кезде айлақ суға кетеді. Бұл мәселе әлі шешілмеді. Дегенмен де тақтайларды алып тастайтын шығармыз. Ол суға төзімді. Сол себепті кейбір жабдықтары істен шығып, жарамай қалуы екіталай. Әдетте сумен ағып келетін түрлі ағаш бөліктері бүлдіреді,-деді Павлодар қаласы әкімдігі «Коммунсервис» КММ өкілі Марат Бейсенов.
Сонымен қатар орталық жағажайдағы балалар бассейнін де қысқа дайындайды. Шүмектер мен сорғыларды бұзып, теледидар мен жатын орын ағаштарын алып тастайды. Қыстан кейін келесі маусымда ақау анықталған жерлерін жөндейтін болады.
