Павлодар облысында сотталушы электронды білезікті сындырғаны үшін түрмеге қамалды
Полицейлердің ақпараты бойынша ер адам Ақсудан шығып кетіп, бостандығын шектеу талаптарын бірнеше рет бұзған. Кейін оның электронды білезікті сындырғаны белгілі болды деп хабарлайды irbistv.kz.
Павлодар облысы ПД Ақсу қаласындағы тұрғынның пробациялық қызметте есепте тұрып, сот қойған міндеттерді жиі бұзғанын хабарлады. Оған электронды білезік орнатылғанын қарамастан ол пробация қызметін ескертпестен, өз бетімен қала сыртына шығып кетіп отырған.
- Сонымен қатар сотталушы электронды қадағалау құралын қасақана сындырған. Ақсу ауданаралық соты пробация қызметінің ұсынымы бойынша өтелмеген жазаны бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырды. Заң бұзушы жазасын өтеу үшін қылмыстық атқару жүйесі мекемесіне жіберілді, - деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаментінде.
Электронды бақылау жүйесі Қазақстанда 2024 жылдан бастап қоғамнан аластатылмаған сотталушыларға қатысты қолданылады.
Фото: Freepik.com