Павлодар облысында заңсыз айналымда жүрген қарулар тәркіледі

- Шара барысында Май ауданындағы ауылдардың біріндегі 47 жасар тұрғыннан электрошоктер, ал Ақсу қаласының 62 жасар азаматынан санкцияланған тінту барысында 2 бірлік қару тәркіленді. Тереңкөл ауданы тұрғындарының бірінен тиісті құжаттары жоқ бір оқпанды «ИЖ» үлгілі мылтық табылды. Барлық тәркіленген қарулар бойынша баллистикалық және электротехникалық зерттеу белгіленді, - деді Павлодар облысы полиция департаментінің әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары Арыстан Дүйсембаев.


Ал Баянауылдағы ауылдардың бірінде оқ-дәрілерді заңсыз сақтаған азаматқа 20 АЕК көлемінде айыппұл салынған.