Павлодар облысында заңсыз балық аулағандар жазаланды


Ертіс өзенінің жайылмасындағы аудан орталығының тұрғыны бес келіден астам балықты заңсыз аулаған деп хабарлайды irbistv.kz тілшісі.

Қазір уылдырық шашу кезеңі болғандықтан бір жарым ай бойы, яғни, 30 мамырға дейін балық аулауға мүлдем тыйым салынған. Сондықтан заң бұзушыға әкімшілік жаза қолданылды.

-Сот шешімімен ер адамға 10 АЕК айыппұл салынды, бұл 36920 теңгені құрайды,-деп хабарлады Павлодар облысы ПД жергілікті полиция қызметінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Аслан Жағыпаров.

Сонымен қатар, Железин ауданы тұрғынының жүксалғышынан еліктің тұтас еті табылды. Осыған ұқсас құқық бұзушылық Ертіс ауданында да тіркелді.

-Жыл басынан бері өңірде 190 экологиялық құқық бұзушылық жойылды, оның ішінде 8 азамат қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Миллион теңгеден астам сомаға айыппұл салынды, 800 мың теңгеден астам өндірілді. Осы бағыттағы профилактикалық жұмыстар басқа мемлекеттік органдармен бірлесіп жүргізілуде, – деді Павлодар облысы ПД жергілікті полиция қызметінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Аслан Жағыпаров.


Фото: Облыстық ПД