• Басты бет
  • Оқиғалар
  • Павлодар облысында заңсыз тасымалдаумен айналысқан такси жүргізушілері ұсталды

Павлодар облысында заңсыз тасымалдаумен айналысқан такси жүргізушілері ұсталды

Павлодар облысының аумағында «тасымалдаушы» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында, полиция көлік тізгініндегі жеке тұлғаларды тексеруде деп хабарлайды irbistv.kz тілшісі.

 

Жолаушылар мен жүкті тасымалдау нормаларын сақтау рейді барысында бірқатар такси жүргізушілері жауапқа тартылды.

 

-Қоғамдық орындарда жұрттың азасын алып, қызмет көрсетуді ұсынған таксиге қатысты 6 дерек анықталды. Айыппұл тұрағына 5 автокөлік қойылды. Ақсу қаласында Toyota Аlphard маркалы автомашина тоқтатылып, тексеру кезінде жүргізушінің заңда белгіленген тәртіппен тіркелмеген көлік құралын жүргізгені анықталды. Ал Екібастұзда Volkswagen маркалы автокөліктің жүргізушісі жолаушыларды тасымалдау ережелерін бұзған, сол сияқты Павлодар қаласында Торайғыров-Дүйсенов көшесінде Mazda автокөлігі ұсталды, жүргізуші арнайы мобильді қосымшасы бойынша тіркеусіз жолаушыларды тасымалдаған,- деді Павлодар облысы ПД жергілікті полиция қызметінің бастығы Қуаныш Мұстафинов.

Барлық бұзушылық фактілеріне қатысты әкімшілік хаттама толтырылған.


Фото: Freepik.com